Таразский Государственный Педагогический Институт

Раздел

Басты бет

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2017 жылдың 20-21 қазан күні өтетін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас» атты І- ші халықаралық конгресcке шақырамыз.

Конгресcке ЖОО-ның басшылары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Ғылыми педагогикалық қоғамының өкілдері, Қазақстанның және алыс, жақын шетелдердің беделді ғалымдары, докторанттары, магистранттары шақырылады.

Конгрессте қаралатын өзекті мәселелердің бірі - білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру болып табылады.

Конгресс жұмысының басты бағыты Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған маңызды идеялар негізіне бағытталған. Елбасымыздың аталмыш мақалада айтқан келесі сөздері конгресстің негізгі ұраны болып табылады: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек».

Білім-қазына, еңбек – оның кілті. Жаңа ғасырдың басты ерекшелігі міндетті сапалы білім.

Конгресстің негізгі миссиясы– серіктес ЖОО-мен өзара ғылыми қарым-қатынас ету, білім беру аясында ғылыми-зерттеу тәжірибесімен және жұмыс нәтижесімен алмасу.

Конгресс форматы:

- пленарлық отырыс;

- панельді дискуссиялар;

- семинар-тренингтер және шеберлік сыныптары (қатысушыларға сертификат беріледі);

- ғылыми конференция,Web of Science-қа кіретін мақалаларды жариялау.

Конгресс аясында:

Заманауи білім беру мәселелері бойынша панельді дискуссиялар өтеді.

Панельді дискуссиялар тақырыбы:

1. Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы ұстаз келбеті.

2. Білім беруді интернационалдандыру.

3. Білім беру мен оқытудың болашағы:Білім берудің Қазақстандағы тренді.

4. Рухани жаңғыру: Ұлттық код.

5. Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшудің тарихи тағылымдары, жаңа белестері.

6. Schools of Excellence.

Конгресс аясында үш бағыт бойынша ғылыми конференция жұмыс жасайды:

Педагогика және психология

1. Мектепке дейінгі және бастауыш оқытуды модернизациялау: жағдайы, мәселелері және оларды шешу жолдары;

2. Педагогикалық ЖОО жағдайында дуалды білім беруді ендірудің ерекшеліктері;

3. Заманауи білім беру кеңістігіндегі тұлғаның креативті дамуы;

4. Ерекше білім беру қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу;

Математика және физика саласындағы іргелі зерттеулер

1. Функционалдық талдау және оның қолданыстары.

Филология және қоғамдық ғылымдар

1. Рухани жаңғыру: Әліпби таңдау, түркілік тұтастық және әлемдік ақпараттық кеңістік;

2. Болашақ мұғалімдерінің тілдік дайындығы: әдістеме, тәжірибе, проблемалар;

3. Алаш қайраткерлері мұраларының концептуалдық сипаты және Мәңгілік ел идеясы;

4. Рухани Жаңғыру - болашаққа бастар жол;

5. Қазақстандағы көптілді білім беру жағдайында CLIL шеңберінде оқыту;

6. Қазақстан тарихының зерттелу негіздері әдіснамасы қазіргі заман талабы мен рухани жаңғыру арнасында.