Таразский Государственный Педагогический Институт

Раздел

Ақпараттық хат

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

2017 жылдың 20-21 қазанында

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ, БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» атты І- ші халықаралық конгресс өтеді.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2017 жылдың 20-21 қазан күні өтетін «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас» атты І- ші халықаралық конгресcке шақырамыз.

Конгресcке ЖОО-ның басшылары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Ғылыми педагогикалық қоғамының өкілдері, Қазақстанның және алыс, жақын шетелдердің беделді ғалымдары, докторанттары, магистранттары шақырылады.

Конгрессте қаралатын өзекті мәселелердің бірі - білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру болып табылады.

Конгресс жұмысының басты бағыты Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған маңызды идеялар негізіне бағытталған. Елбасымыздың аталмыш мақалада айтқан келесі сөздері конгресстің негізгі ұраны болып табылады: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек».

Білім-қазына, еңбек – оның кілті. Жаңа ғасырдың басты ерекшелігі міндетті сапалы білім.

Конгресстің негізгі миссиясы – серіктес ЖОО-мен өзара ғылыми қарым-қатынас ету, білім беру аясында ғылыми-зерттеу тәжірибесімен және жұмыс нәтижесімен алмасу.

Конгресс форматы:

- пленарлық отырыс;

- панельді дискуссиялар;

- семинар-тренингтер және шеберлік сыныптары (қатысушыларға сертификат беріледі);

- ғылыми конференция,Web of Science-қа кіретін мақалаларды жариялау.

Конгресс аясында:

Заманауи білім беру мәселелері бойынша панельді дискуссиялар өтеді.

Панельді дискуссиялар тақырыбы:

1. Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы ұстаз келбеті.

2. Білім беруді интернационалдандыру.

3. Білім беру мен оқытудың болашағы:Білім берудің Қазақстандағы тренді.

4. Рухани жаңғыру: Ұлттық код.

5. Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшудің тарихи тағылымдары, жаңа белестері.

6. Schools of Excellence.

Конгресс аясында үш бағыт бойынша ғылыми конференция жұмыс жасайды:

Педагогика және психология

1. Мектепке дейінгі және бастауыш оқытуды модернизациялау: жағдайы, мәселелері және оларды шешу жолдары;

2. Педагогикалық ЖОО жағдайында дуалды білім беруді ендірудің ерекшеліктері;

3. Заманауи білім беру кеңістігіндегі тұлғаның креативті дамуы;

4. Ерекше білім беру қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу;

Математика және физика саласындағы іргелі зерттеулер

1. Функционалдық талдау және оның қолданыстары.

Филология және қоғамдық ғылымдар

1. Рухани жаңғыру: Әліпби таңдау, түркілік тұтастық және әлемдік ақпараттық кеңістік;

2. Болашақ мұғалімдерінің тілдік дайындығы: әдістеме, тәжірибе, проблемалар;

3. Алаш қайраткерлері мұраларының концептуалдық сипаты және Мәңгілік ел идеясы;

4. Рухани Жаңғыру - болашаққа бастар жол;

5. Қазақстандағы көптілді білім беру жағдайында CLIL шеңберінде оқыту;

6. Қазақстан тарихының зерттелу негіздері әдіснамасы қазіргі заман талабы мен рухани жаңғыру арнасында.

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы: т.ғ. д., ҚР ҰҒА академигі Д.Қожамжарова

КОНГРЕССКЕ ҚАТЫСУ ЖӘНЕ МАҚАЛА РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

Конгресс аясында ғылыми конференция өтеді. Конгресске Қазақстан Республикасының Ғылыми педагогикалық қоғамының өкілдері, ЖОО-ның басшылары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, Қазақстанның және алыс, жақын шетелдердің беделді ғалымдары, докторанттары, магистранттары шақырылады.

Конгрессте қаралатын өзекті мәселелер білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздері.

Ұйымдастыру комитеті Web of Science-қа салынатын мақалалар жинағын шығаруды жоспарлап отыр.

Конгресс жинағына ену үшін мақалалар 2017 жыл, 20 қараша, сағат 23:59 дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш әкелінген мақалалар қабылданбайды.

Конгресске қатысу ережесі

Конгресске қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 15 қазанына дейін келесі материалдарды жіберу керек:

● қатысушының тіркеу формасын;

● баяндама материалдары (2 экз. баспа түрінде);

● файлдар электронды түрде, қатысушының (қатысушылардың) тіркеу формасы электронды түрде және баяндама материалдары (форма бойынша: бірінші автордың аты-жөні.doc) мына поштаға: congresstargpi@mail.ru жіберілуі тиіс.

Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «ТарМПИ конференциясына_________________ - дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.

Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, тіркеу жарнасын төлеген автор фамилиясымен аталады.

Мысалы, қатысушы : УСПЕНОВ_тіркеу.doc, УСПЕНОВ_ACTUAL.doc файл атын былай ұсынуына болады:

Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.

Баяндама рәсімдеу ережесі

Баяндама материалдарын жариялау үшін келесі талаптар бойынша рәсімделуі тиіс:

Мақаланы рәсімдеу кезінде Chicago Manual of Style 16 (выпуск) басылым бағдарламасын қолданыңыз (сайтқа сілтеме тегін http://www.chicagomanualofstyle.org).

Баяндама мәтіні MS Word редакторында теріліп, 2500 сөзден кем болмауы және 5000 сөзден аспауы керек.

Title (баяндаманың толық тақырыбы). Тақырып бір-біріне үйлесімді, дәл және мазмұнды болуы тиіс.

Author(s) (мақала авторларының аты-жөні). Әр автордың аты-жөні, байланыс мәліметтері толық жазылсын. Қосарланған авторлардың аты-жөнін белгілеп көрсетілсін. Авторлар жұмыс істейтін ұйымды және олардың қызметі, сондай-ақ ғылыми дәрежесі көрсетілсін.

Data on author(s) (әр автордың жеке мекен жайы, электрондық поштасы). Пікір берудің барлық сатысында және мақала жарияланғаннан кейін хат алмасып отыратын адамды белгілеңіздер. E-mail адресін, пошта мекен жайын және телефон номерін (елді мекен кодымен) көрсетіңіз.

Abstract (100-120) сөз болу тиіс. Жасалған жұмыстың зерттеу мақсаты және қорытындысы туралы қысқаша түйіндеме жасаңыз. Түйіндеменің тұрақты сипаты болуы тиіс. Кіріспе бөлімінде немес сілтемеде көрсетілуі тиіс жалпы анықтамалық сипаттағы ақпаратты қоспаңыз. Түйіндемеге online іздеудің тиімділігін арттыру мақсатында тақырыптан және пәндік зерттеу аумағынан кілт сөздер қосыңыз.

Keywords (дәйексөз индексін құруға пайдаланылатын бірнеше кілт сөздер). Онлайн-іздеуге және индекстеуге қажетті кілт сөздерді міндетті түрде жазыңыз. Кілт сөздер ғылыми мақаланың маңызды бөлімінің мәнін толығымен ашып және зерттеу пәні облысынан түйін сөз тіркестерін қосу керек.

Кіріспе. Дұрыс жазылған кіріспе оқырмандарға мақаланың негізгі бөлімінде жазылған материалды толығымен түсінуге мүмкіндік береді. Кіріспе толық қамтылып ортақ фразалар мен мағынасыз сөздер болмауы керек.

Research & Results (зерттеу нәтижелері мен сипаттамасы). Зерттеу нәтижесінің сипаттамасын көрсетіңіз және алынған нәтижелерді жай ғана сипаттау маңызды емес, және олардың сыни тұрғыда мәнін ашу керек. Қажет болған жағдайда қолданылған эксперименттік әдістерді егжей-тегжейлі түрде жазыңыз. Қолданылған материалдар мен жабдықтардың толық атын жазыңыз.

Summary & Conclusions (қорытынды). Өзіңіз жүргізген зерттеу жұмысының қорытындысын жазыңыз. Қорытынды бөлімде мақаланың негізгі бөлімінде және тағы да басқа жерлерінде кездеспейтін сөздер болмауы керек.

Acknowledgements (алғыс; зерттеу жұмысын жүргізу процесінде және мақаланы жазу барысында көмек көрсеткен ұйым аты аталады. Сонымен қатар осы зерттеу жүргізуге көмектескен қорлар аты, грант және степендия аты мен нөмірі көрсетіледі. Алғыс көлемі - 250 сөз)

References (пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме). Ғылыми мақалада сілтеме жасалған әдебиеттердің толық тізімін көрсетіңіз.

Қосымша. Оны қосымша ақпарттар, кестелер және математикалық қорытындылар көрсеткенде қолданыңыз. Figures, Plates and Legends (сапалы көрнекіліктер-нөмірленген суреттер, фотосуреттер, графиктер, кестелер және олардың түсіндірмесі, қысқартылған сөздердің түсіндірмесі, қосымша символдар). Әрбір сурет пен кестеде міндетті түрде қолжазба болуы керек. Word мәтінде кірістірілген кескіндер (рисунки) әдетте өңдеуге жарамсыз болып келеді. TIFF, JPEG және EPS форматындағы файлдар ғана рұқсат етіледі. Файлды ұсынған кезде EPS форматында екеніне және барлық әріптердің енгеніне көз жеткізіңіз. Кескіндердің қолданылуына авторлар жауапты. Авторлар суреттерді жеке файлдарда ұсыну керек.

Ұйымдастыру жарнасы. Қаржы реквизиттері

Мекеме «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты»

РНН 211500217969

БИН 040440007305

ИИК KZ 376010161000026196 ЖОФ АО «Халық банкі» Тараз қ.

Кбе 16

КПН 861

БИК HSBKKZKX (Конгресске) деп көрсетілсін.

Баяндаманы мына мекен-жайға жіберіңіздер:

080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ.,

Төле би көшесі, 68. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,

Ғылым бөлімі. 210 кабинет («ТарМПИ конгреске) деп көрсетілсін.

Телефондар: (8 7262) 51-00-45

+77027981040 Исабекова Гулнур Болатбековна

Электрондық почтаның адресі: congresstargpi@mail.ru

Сайттың адресі: http://conference2017.tarmpi.kz

Ұйымдастыру жарнасы -3000 тг.

БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.

Тіркеу формасы

1. Тегі, аты-жөні (толығымен) ______________________________

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) ___________________

3. Ғылыми жетекшінің аты-жөні ______________________________

4. Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі _______________________

5. Ұйым (жоғары оқу орнының, кәсіби орта оқу мекемесінің, мектептің аты, мекен-жайы)________________________________

6. Автордың мекен-жайы (индекс көрсету міндетті) _____________

7. Телефон (Халықаралық кодымен)___________________________

8. E-mail (міндетті)____________________________________________________

9. Мақала тақырыбы __________________________________________

10. Секция ____________________________________________________

11. Керекті техникалық құралдар _______________________________

12. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ) _____________

Мен

Пленарлық баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.

Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.

Конференцияда тыңдаушы ретінде қатысуды қалаймын.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ